
03.04.2025 жыл «Жетісу облысы Білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінде.
“Бала қауіпсіздігі-басты құндылық”-атты жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналысқа “Қапал ауылдық округі әкімі аппаратының” бас маманы В.Чепель, учаскелік полиция инспекторы А.Әшімбаев, Казселденқорғау бөлемшесінің маманы Ж.Есимбеков қатысты.
*Күн тәртібінде:*
Балалардың мектептегі және көшедегі қауіпсіздігі,интернеттегі қауіпсіздік ережелері.
Жасөспірімдердің аутодеструктивті мінез - құлқының алдын алу және репродуктивті денсаулығын сақтаудағы ата ананың рөлі.
Мектептің ішкі тәртіп ережелері.
Тазалық айлығы.
Бала қауіпсіздігі – біздің ортақ міндетіміз!