
Қапал ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында Ақсу ауданы әкімінің орынбасары Ғ.Есжановтың, Ақсу ауданының ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Е.Османбековтың қатысуымен жиналыс өтті. Жиналыста Қапал ауылдық округінің тұрғындарына жер учатскісін алу құқығына арналған жер конкурсына қатысу ережелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Ауыл тұрғындарының ұсыныстары да ескерілді.