Е. Жайсаңбаев атындағы орта мектеп ұжымымен жиналыс

Е. Жайсаңбаев атындағы орта мектеп ұжымымен жиналыс

6 қаңтар күні Қапал ауылдық округінің әкімі Жарылқасын Жалғас Жарасұлының төрағалығымен Е. Жайсаңбаев атындағы орта мектеп ұжымымен жиналыс өтті. Жиналыста келесі мәселелер қаралды:

Оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу  мәселелері бойынша мектеп оқушыларының ата-аналарымен кәмелетке толмағандардың мотоциклдерін басқаруға жол бермеу, сондай-ақ оқушылардың түнгі уақытта ауыл көшелерінде болуына жол бермеу бойынша профилактикалық іс-шараларды тұрақты негізде жүргізу қажет. 

Ұжым арасында "сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – біздің ортақ борышымыз" тақырыбында тұрақты негізде жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі жөнінде тапсырмалар берілді. Сондай-ақ, бірінші басшылардың мекеме қызметкерлері үшін жауапкершілігі жөнінде түсініктемелер берілді.

Ұжымда қандай да бір даулы мәселелердің туындауының алдын алу  бойынша, туындаған жағдайларға жан-жақты және объективті талдау жүргізу, сондай-ақ оларды уақтылы шешу қажеттілігі туралы ескертіп айтты.