Қапал ауылдық округінде көше жарықтарын жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Қапал ауылдық округінде көше жарықтарын жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Қапал ауылдық округінде көше жарықтарын жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда округ аумағында көше жарықтандыру жүйесін қалпына келтіру және жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда. Атап айтқанда, істен шыққан шамдар ауыстырылып, электр желілері жөнделіп, жарық бағаналарына техникалық қызмет көрсетілуде.

Көше жарығы – тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін аса маңызды. Әсіресе кешкі уақытта жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысы үшін жарықтың сапалы болуы маңызды рөл атқарады. Бұл жұмыстар ауылдың көркеюіне және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Жөндеу жұмыстары тұрғындардың өтініштері мен анықталған мәселелі учаскелер негізінде жоспарлы түрде жүзеге асырылуда. Әсіресе жарық жиі сөнетін немесе мүлде жоқ көшелерге ерекше назар аударылуда.

Қапал ауылдық округінің инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. Тұрғындарға түсіністік пен қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдіреміз.