Еркін күрестен облыстық турнир

Еркін күрестен облыстық турнир

Жас балуандарымыз тағы да көпшіліктің ерекше назарында!

Шалапов Тұрмұхамбет Рысқалиұлының рухына арналған кіші жасөспірімдер арасындағы облыстық еркін күрес турнирі жоғары деңгейде өтті. Дүбірлі додада облыстың үздік жас спортшылары бас қосып, Ақсу ауданының намысын қорғаған балуандарымыз тамаша нәтижелер көрсетті! 

Жарыс қорытындысы бойынша:
Айболұлы Ақарыс — 68 келі салмақта І орын
Мұхтарұлы Думан — 35 келі салмақта ІІ орын
Қадірбек Әбілмансұр — 48 келі салмақта ІІ орын

Жалпы командалық есепте Ақсу ауданының құрамасы жүлделі ІІІ орынды иеленді!
Әрбір жеңістің артында тынымсыз еңбек, табандылық және күнделікті дайындық жатыр. Ал әр белдесуде шәкірттерінің жанынан табылып, қолдау көрсеткен жаттықтырушылар — Баратқазы Ерғазы мен Сейдахмет Абылайхан. Ұстаздардың еңбегі мен сенімі — жас спортшылардың үлкен жетістіктерге жетуіне жол ашады! 

Бүгінгі жас балуандар — ертеңгі ел мақтанышы! 

Қапал ауылының спортының болашағы жарқын екендігін жас спортшыларымыз тағы бір мәрте дәлелдеді. Алдағы уақытта да жеңіс тұғырынан көрініп, биік белестерді бағындыра беріңіздер! 

Жас спортшыларды, жаттықтырушыларды және ата-аналарды шын жүректен құттықтаймыз!