
2026 жылғы 5 мамыр күні Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Қапал ауылында «Ғали Орманов атындағы орта мектебі, МДШО» ұйымдастыруымен техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, ғылым-техника және білім саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлының құрметіне арналған волейболдан ІІІ дәстүрлі облыстық турнир жоғары деңгейде өткізілді.
Турнирге ұлдар арасында 10 команда, қыздар арасында 9 команда қатысып, Алматы қаласы, облыс орталығы Талдықорған, Ақсу және Ескелді аудандарынан келген спортшылар өзара бақ сынасты.
📍 Іріктеу кезеңдері:
– Ғ.Орманов атындағы мектеп спорт залы
– «Барыс» спорт кешені
– Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектеп
– Қапал кәсіптік колледжі
Финалдық ойындар Ғали Орманов атындағы мектептің спорт залында өтіп, тартысты әрі әсерлі сәттерге толы болды.
Жарыс қорытындысы:
Ұлдар арасында:
І орын – Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебі (Қапал)
ІІ орын – Абай атындағы орта мектебі (Қосағаш ауылы)
ІІІ орын – Ғали Орманов атындағы орта мектебі (Қапал)
Қыздар арасында:
І орын – Е.Сиқымов орта мектебі (Жансүгіров)
ІІ орын – «VB team Volleyball academy» (Алматы қаласы)
ІІІ орын – Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебі (Қапал)
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы кубоктармен, медальдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды:
І орын – 50 000 теңге
ІІ орын – 40 000 теңге
ІІІ орын – 30 000 теңге
Турнирдің құрметті қонақтары қатарында Ақсу аудандық білім бөлімінің басшысы Нұрлан Нүсіпбеков, Жетісу университетінің цифрландыру және стратегиялық даму жөніндегі проректоры, PhD докторы Тимур Жұмағұлов, «Даму бала» платформасының өңірлік директоры Әділет Сейсембеков және ауданның құрметті азаматтары болып, жарысқа жоғары бағаларын берді.
Сонымен қатар, профессор Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы демеушілік көрсетіп, мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 250 000 теңге қаржылай қолдау білдірді.
Осындай ауқымды шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Ғали Орманов атындағы орта мектеп ұжымына ерекше алғыс білдіреміз.
Мектеп директоры Қуанышбаев Қайыржан Жұмабекұлының кәсіби шеберлігі мен ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында турнир табысты өтті.
Бұл турнир – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, спортқа деген қызығушылықты арттырудың жарқын үлгісі!