Еркін күрес

Еркін күрес

Құрметті Қапал ауылдық округінің тұрғындары және әлеуметтік желі қолданушылары!

Біз зор мақтанышпен жас спортшыларымыздың жетістіктерімен бөлісуді жалғастырамыз.

Еңбекшіқазақ ауданының ашық турнирінен қуанышты жаңалық!

2012–2014, 2015–2016 және 2017–2018 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында өткен Еңбекшіқазақ ауданының ашық турнирінде біздің жас спортшыларымыз тамаша нәтиже көрсетті.

🥇 Қайрат Айсұлтан — I орын
🥈 Сейдахмет Әлижан — II орын
🥉 Баратқазы Серғазы — III орын

Бұл — жас спортшыларымыздың тынымсыз еңбегі мен жаттықтырушыларының табанды еңбегінің жемісі. Осындай жетістіктер — болашақта үлкен жеңістердің бастауы.

Ерекше алғысымызды жаттықтырушылар Сейдахмет Абылайхан мен Баратқазы Ерғазыға білдіреміз. Олардың кәсібилігі, сабырлығы мен шәкірттеріне деген жанашырлығы — бүгінгі жетістіктердің басты кепілі.

Жас чемпиондарымызды шын жүректен құттықтаймыз!