
“Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында бүгін ауылымызда “Таза бейсенбі” сенбілігі жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.
Бүгінгі күн – таза әрі жасыл болашаққа жасалған тағы бір маңызды қадам.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында М. Алыбаев көшесі бойына қарағай көшеттері отырғызылды. Бүгін ғана тамыр жайып жатқан бұл кішкентай ағаштар уақыт өте келе биік те еңселі болып өсіп, келешек ұрпаққа сая, таза ауа мен жайлылық сыйлайтын болады.
Осындай игі істер табиғатты аялау – бір күндік шара емес, ол өмір салты екенін еске салады. Бұл – туған жерге, күн сайын жүріп өтетін көшеге, балаларымыздың болашағына деген жанашырлық.
Әрбір отырғызылған ағаш – үміттің, жауапкершіліктің және туған өлкені сүйе білудің белгісі. Осындай қарапайым, бірақ шынайы істер арқылы бүгініміз көркейіп, ертеңіміз нұрлы болмақ.
Табиғатты аялайық. Себебі оның болашағы – біздің қолымызда.