
Құрметті Қапал ауылдық округінің тұрғындары және әлеуметтік желі қолданушылары!
Біз зор мақтанышпен жас спортшыларымыздың жетістіктерімен бөлісуді жалғастырамыз. Бүгінгі жас буын — ертеңгі ел намысын қорғайтын азаматтар, сондықтан олардың әрбір жеңісі біз үшін үлкен мақтаныш.
Бүгін біз сіздермен еркін күрестен өткен «BESAGASH WRESTLING» спорт клубының ашық біріншілігінен келген қуанышты да жылы жаңалықпен бөліскіміз келеді. Біздің жас балуандарымыз бұл жарыста жоғары деңгейде өнер көрсетіп, тамаша нәтижелерге қол жеткізді.
Жарыс қорытындысы бойынша:
🥈 Қайрат Айсұлтан — II орын
🥉 Қожан Шоқан — III орын
🥉 Сейдахмет Әлижан — III орын
Ерекше алғысымызды жаттықтырушылар Сейдахмет Абылайхан мен Баратқазы Ерғазыға білдіреміз. Олардың кәсібилігі, сабырлығы мен шәкірттеріне деген жанашырлығы — бүгінгі жетістіктердің басты кепілі.
Бүгінгі жеңістер — ертеңгі үлкен белестердің бастауы. Біз сіздермен мақтанамыз және алдағы уақытта да биік шыңдарды бағындыра берулеріңізге тілектеспіз!