Сенбілік

Сенбілік

Қайырлы күн, құрметті Қапал ауылдық округінің тұрғындары!

“Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында бүгін ауылымызда “Таза бейсенбі” сенбілігі жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.

Бұл игі шара барысында ауыл тұрғындары ауызбіршілік пен ынтымақтың жарқын үлгісін көрсетті. Бірлесе атқарылған еңбектің нәтижесінде бау-бақшаларды және орталық саябақты суаруға арналған канал тазаланып, қайта қалпына келтірілді.

Ауылдың тазалығы – әрбір тұрғынның ортақ жауапкершілігі. Осындай игі бастамалар арқылы біз тек қоршаған ортамызды көркейтіп қана қоймай, өскелең ұрпаққа тазалық пен тәртіптің маңызын үлгі етеміз.

Қапалдықтардың ұйымшылдығы мен туған жерге деген жанашырлығы – ауылымыздың ең үлкен байлығы. Әрқайсыңыздың қосқан үлестеріңіз үшін шын жүректен алғыс білдіреміз!

Таза ауыл – жарқын болашақтың кепілі!