«Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы

2026 жылдың 26–29 наурыз аралығында Жетісу облысының аумағында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

27 наурыз күні Қапал ауылдық округінде полиция қызметкерлері мобильді топтармен және мүдделі мекемелердің өкілдерімен бірлесіп, сондай-ақ «Жетісу» телеарнасының қатысуымен кешенді профилактикалық іс-шаралар жүргізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты — құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың құқықтарын қорғау және қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға дер кезінде көмек көрсету.

Назарда:
— қолдауды қажет ететін отбасыларды анықтау;
— тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, әсіресе кәмелетке толмағандарға қатысты жағдайлардың алдын алу;
— кез келген құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын жүзеге асыру;
— тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң талаптарын түсіндіру.

Рейд барысында үй-үйді аралау жұмыстары жүргізіліп, тұрғындармен түсіндіру әңгімелері өткізілді, жекелеген отбасылардың тұрмыс жағдайы тексеріліп, құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік шаралары түсіндірілді.

Әсіресе балалардың құқықтарын қорғауға, отбасылық-тұрмыстық жанжалдардың алдын алуға және әрбір үйде қауіпсіз, жайлы орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде.

Мұндай іс-шаралар халық пен құқық қорғау органдары арасындағы сенімді нығайтып, заңға бағыну мәдениетін қалыптастыруға және ортақ жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.

Қауіпсіздік — әрқайсымыздан басталады: өзара құрмет, қамқорлық және айналаға бейжай қарамау.