
Құрметті Қапал ауылдық округінің тұрғындары және әлеуметтік желі қолданушылары!
Біз зор мақтанышпен жас спортшыларымыздың жетістіктерімен бөлісуді жалғастырамыз. Бүгінгі жас буын — ертеңгі ел намысын қорғайтын азаматтар, сондықтан олардың әрбір жеңісі біз үшін үлкен мақтаныш.
Ақсу ауданында Толеуханов Азамат Талғатұлының еске алуға арналған еркін күрестен кіші жасөспірімдер арасында ашық турнир өтті. Бұл жарыста Қапал ауылдық округінің спортшылары жоғары деңгейде өнер көрсетіп, өздерінің мықтылығын дәлелдей білді.
🥈 Сейдахмет Әлижан — 2 орын (38 кг)
🥉 Жиһанкез Асқар — 3 орын (38 кг)
🥉 Баратқазы Серғазы — 3 орын (48 кг)
Әрбір жетістіктің артында тынымсыз еңбек, табандылық пен жеңіске деген сенім жатыр. Біздің жас спортшылар тек жүлде алып қана қоймай, мінез қалыптастырып, болашаққа нық қадам жасауда.
Ерекше алғысымызды жаттықтырушылар Сейдахмет Абылайхан мен Баратқазы Ерғазыға білдіреміз. Олардың кәсібилігі, сабырлығы мен шәкірттеріне деген жанашырлығы — бүгінгі жетістіктердің басты кепілі.
Бүгінгі жеңістер — ертеңгі үлкен белестердің бастауы. Біз сіздермен мақтанамыз және алдағы уақытта да биік шыңдарды бағындыра берулеріңізге тілектеспіз!