
10 наурыз күні аудан әкімі Берік Тынышбайұлы Қапал ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесуге аудан прокуроры Дастан Несіпбайұлы, аудандық полиция бөлімінің басшысының орынбасары Ерлан Жұмаділұлы, сондай-ақ аудандық мекеме және бөлім басшылары қатысты.
Жиын барысында Қапал ауылдық округінің әкімі Жалғас Жарасұлы 2025 жылы округте атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.
Кездесу барысында аудан әкімі Берік Тынышбайұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар мәселелерге тоқталып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар бойынша нақты тапсырмалар берді.
Атап өту керек өткен жылы мәдениет үйі мен “Бөбек” балабақшасына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ауыл ішінде 2 шақырым арық жүйесі салынды.
Жиын соңында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Көтерілген мәселелер бойынша тиісті жауаптар беріліп, кейбірі бақылауға алынды.