Шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесу

Шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесу

Бүгін Қапал ауылдық округі аумағында Қазселденқорғау мамандары, учаскелік полиция инспекторы және Қапал ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері тарапынан шаруа қожалықтарымен жоспарлы рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.

Рейд барысында шаруа қожалықтарының басшыларына келесі бағыттар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді:

1️⃣ Төтенше жағдайлардың алдын алу
Өңірдегі ауа райының өзгеруіне байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Қазселденқорғау мамандары арнайы ақпараттық жадынамалар таратты. Шаруа қожалықтарының басшыларына төтенше жағдай туындаған кездегі іс-қимыл алгоритмі түсіндіріліп, адамдардың, малдың және мүліктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар берілді.

2️⃣ Жол-көлік оқиғалары мен мал ұрлығының алдын алу
Учаскелік полиция инспекторы шаруа қожалықтарының басшыларын:

  • ауыл шаруашылығы жануарларын қараусыз қалдырмауға;

  • әсіресе түнгі уақытта малға жарық шағылыстыратын таспалар тағуға;

  • барлық ветеринариялық шараларды уақытылы жүргізуге;

  • мал және мүлік ұрлығының алдын алу үшін бақылауды күшейтуге;

  • күдікті жағдайлар анықталған кезде дер кезінде полицияға хабарлауға шақырды.

3️⃣ Ынтымақтастық және құқықтық жауапкершілік
Жол-көлік оқиғалары мен ауыл шаруашылығы жануарлары ұрлығының алдын алу мақсатында Қапал ауылдық округі әкімі аппараты, шаруа қожалықтарының басшылары және учаскелік инспектор арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Сонымен қатар, шаруа қожалықтары аумағында орналасқан құрылыстарды заңнамаға сәйкес уақытылы тіркеу қажеттілігі түсіндірілді.

Аталған профилактикалық жұмыстар округ аумағында қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында жалғасуда.