
Бүгін Қапал ауылдық округі әкімі аппаратының мәжіліс залында ауыл әкімі төрағалығымен кеңейтілген жиын өтті. Жиынға округ аумағындағы мекемелердің бірінші басшылары, Ақсақалдар кеңесінің төрағасы және Қоғамдық кеңестің төрағасы қатысты.
Ауыл әкімі ауа райының күрт өзгеруіне байланысты барлық мекемелер мен қызметтердің жұмысын күшейту қажеттігін атап өтті. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе аясында ұйымдар қызметіне жан-жақты бақылау жүргізу және тұрғындар арасында төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша нақты тапсырмалар берілді. Әсіресе мектептерге, колледжге және ауруханаға ерекше назар аудару тапсырылды. Негізгі міндет – кәмелетке толмағандар арасында төтенше жағдайларға жол бермеу. Білім беру ұйымдары мен медицина мекемесінің басшыларына қосымша нұсқама өткізу, жылу беру, электрмен қамту және өрт қауіпсіздігі жүйелерінің дайындығын тексеру, сондай-ақ оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүктелді.
Екінші мәселе бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында тоқсан сайын оқу-жаттығулар өткізу туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар мектептер мен колледждерде төтенше жағдай туындаған кездегі іс-қимыл алгоритмін пысықтау тапсырылды. Бұл шаралар қызметкерлер мен білім алушылардың төтенше жағдайлар кезіндегі дайындық деңгейін арттыруға бағытталғаны атап өтілді.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы, аумақты абаттандыру және тұрғындармен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Жиын қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалу мерзімдері белгіленді. Ауыл әкімі қойылған міндеттердің уақытылы және сапалы орындалуы, сондай-ақ барлық қызметтердің үйлесімді жұмысы тұрғындардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз етудің басты кепілі екенін атап өтті.