
Бүгін Қапал кәсіптік-техникалық колледжінің акт залында Жетісу облысының шаңғы туризмі бойынша чемпионатының салтанатты ашылуы өтті. Бұл шара – жас ұрпақты спортқа, табиғатты сүюге және салауатты өмір салтына баулитын маңызды іс-шара.
Чемпионатты Жетісу облысы білім басқармасына қарасты Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындық және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығы ұйымдастырды. Дәстүрлі түрде жарысқа екі жас санаты бойынша 70-тен астам спортшы қатысуда: 15 жасқа дейінгі және 15–18 жас аралығындағы жасөспірімдер.
Шаңғы туризмі – бұл жай ғана спорт емес, бұл төзімділікке, тәртіпке, жауапкершілікке және бірлікке тәрбиелейтін өмір мектебі. Табиғатпен үндескен бұл спорт түрі жастардың бойында туған жерге деген сүйіспеншілікті арттырып, денсаулықты нығайтуға жол ашады. Жас спортшылардың жігерлі қадамдары мен жарқын көзқарасына қарап, Жетісу өңірінде туризм мен салауатты өмір салтының болашағы зор екеніне сенім артамыз.
Әрбір бастау — жаңа белестерге жол ашсын, ал әрбір жетістік ел ертеңі болатын жастардың жеңісіне айналсын!