
🏅 30 қаңтар күні Қапал ауылында ауыл әкімінің ауыспалы кубогіне арналған кезекті арқан тартыс турнирі өтті.
🤝 Бұл жарыс Қапал ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Чепель Владимир Сергеевичтің бастамасымен және Ақсу ауданының бұқаралық спортты дамыту бөлімінің қолдауымен ұйымдастырылып, шынайы күшке, жігерге және жеңіске деген құлшынысқа толы әсерлі сайыс болды.
🔥 Жарысқа 7 команда қатысып, әрқайсысы жоғары дайындық пен мықты мотивация танытты. Әр раундта командалардың мінезі, рухы мен мақсатқа деген талпынысы айқын көрінді. Кейбір жеңістер соңғы сәтте ғана шешіліп, тартыстың көрігін қыздырды.
🥇 Жарыс қорытындысы:
1️⃣ орын – Қапал ауылдық округінің көкпаршылар құрамасы
2️⃣ орын – Қапал орман шаруашылығы
3️⃣ орын – Қапал жастары
🌟 Ең бастысы — мұндай жарыстар командалық рухты арттырып, жігерді шыңдап, шынайы достықты нығайтады.
💪 Арқан тартыс – тек күш сынасу емес, ол бірлік пен рухтың символы!