
Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында «Қазселденқорғау» мекемесінің мамандары мен Қапал ауылдық округі әкімінің аппаратының мамандары бірлесіп, тұрақты бақылауда тұрған нысандарға жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Тексеру барысында «Қазселденқорғау» мекемесінің тұрақты бақылауындағы Ақсу, Бүйен, Қапал өзендерінің арналары, сондай-ақ гидротехникалық құрылыстар қаралды. Өзен арналарының өткізу қабілетіне, жағалау аймақтарының жағдайына, арналардағы қоқыс пен бөгеттердің болуына, сондай-ақ су деңгейі көтерілген жағдайда қауіп тудыруы мүмкін учаскелерге ерекше назар аударылды.
Аталған іс-шаралар су тасқыны мен сел қаупінің алдын алуға, сондай-ақ ауыл тұрғындарының өмірі, денсаулығы мен мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.