Халықпен кездесу

Халықпен кездесу

Бүгін Қапал ауылдық округі әкімі аппаратының акт залында аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Қапал ауылының тұрғындарымен кездесті.

Кездесуде өзекті мәселелер қаралып, тұрғындардың барлық сұрақтарына жауап берілді. Сонымен қатар құқықбұзушылықтардың, интернет-алаяқтықтың және заңға қайшы әрекеттердің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мұндай кездесулер халық пен құқық қорғау органдары арасындағы сенімді нығайтып, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.