Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы Заңының 22- бабының 1-тармағына сәйкес, Әдеп жөніндегі уәкілдің бастамасымен ұйымдастырылған Қапал ауылдық округі әкімі аппаратының, мәдениет үйі қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және ескерту екенін түсіндіру мақсатында түсіндірме жұмыстары өткізілді. Жиын барысында пара алған адам мен параны берген адам жауапкершілікке тартылатыны туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы, оның ішінде жасалған немесе дайындалып жатқаны туралы білсе сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің 1424 бірыңғай Саll-орталығына хабарласуға болатыны туралы ескертіліп түсіндірілді.