10 маусым күні Қапал ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы С. Қожатайдың ұйымдастыруымен және мәдениет үйі, кітапхана мамандарымен бірлесіп «Деструктивті діни ағымдар қаупі» атты іс-шара өтті. Мақсаты: экстремизм мен терроризмнің таралу себептері, оған қарсы əрекет түрлері жөнінде түсіндіре отырып, алдын алу шараларын жүргізу. Шара барысында бас маман Қожатай Серік Ескелдіұлы қызметкерлермен ашық сұхбат жүргізіп, сұрақтарға жауап берді.