«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты іс – шара

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты іс – шара

19 мамыр күні, Қапал ауылдық кітапханасының маманы Г.Садвакасованың ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты іс – шара өтті. Іс - шараға Мәдениет үйі, кітапхана, әкімшілік қызметкерлері қатысты. Шара барысында Г. Садвакасова тақырып бойынша баяндама жасап, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ бойынша түсіндіріп өтті.
Атап айтсақ:
“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” заң - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған.