
27.04.2026жыл "Матай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ауыл тұрғындары мен мекеме қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шара барысында сыбайлас жемқорлықтың зияны, оның қоғамға тигізетін кері әсері туралы ақпараттар беріліп, заң талаптары түсіндірілді.Сонымен қатар, қатысушыларға арнайы дайындалған жадынамалар таратылды.Іс-шараның мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және құқықтық сауаттылықты арттыру.