Этнос

Этнос

2026 жылдың ақпан айында "Матай ауылдық округ әкімі аппараты"ММ-нің бас маман іс-жүргізушісі М.Р.Мұсанованың  ұйымдастыруымен әкімшілік қызметкерлеріне және ауыл тұрғындарына  этносаралық келісімді нығайту, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті сақтау мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының этносаралық саясаттағы негізгі қағидаттары, толеранттылық, өзара құрмет пен мәдени әртүрлілікті сақтау мәселелері талқыланды. Қызметкерлерге қоғамдық келісімді қамтамасыз ету, ұлтаралық татулықты сақтау және құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытында нақты түсіндірмелер берілді.