Ұлттық спорт күні

Ұлттық спорт күні

20 наурыз Егінсу ауылдық округінде Наурызнаманың онкүндігі аясында 20 наурыз – «Ұлттық спорт күні» ретінде белгіленген. Бұл мейрам халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық ойындарын дәріптеуге, салт-дәстүрімізді жаңғыртуға және жас ұрпақты ата-баба мұрасын құрметтеуге шақыруға арналған. Осы мерекеге орай 4-сынып оқушылары асық ату, тоғызқұмалақ, қол күрес ойындарын ойнады.