"Ілияс - жыр құлагері"

"Ілияс - жыр құлагері"

14 мамыр күні Егінсу ауылдық округінің кітапханасының ұйымдастыруымен «Үш бәйтеректің» бірі, ақын, аудармашы, прозашы, Қазақ АКСР Жазушылар одағының алғашқы төрағасы Ілияс Жансүгіровтың туған күніне орай «Ілияс – жыр Құлагері» атты поэзиялық кеш өткізілді.

Кеш барысында оқырмандар ақынның жүрекке жетер өлеңдерін оқып, Ілияс Жансүгіровтің шығармашылығы кеңінен насихатталды. Шараға әкімшілік, мектеп директоры, ауылдық қоғамдық бірлестігінің төрайымы, мектеп психологы, тіл маманы және мәдениет үйінің қызметкерлері белсене қатысып, өз пікірлерімен бөлісті.

Поэзия кешіне қатысып, белсенділік танытқан оқырмандар алғыс хаттармен марапатталды.