
9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай ауылдық округ әкімі С.Диханбаев Ұлы Отан соғысы тыл еңбеккерлеріне арналған ескерткішке гүл шоғын қойып, тағзым етті.
Іс-шара барысында майдангерлердің ерлігі еске алынып, олардың Отан алдындағы жанқиярлық еңбегіне құрмет көрсетілді.
Мерекелік шара жалғасып, мәдениет үйінің ұйымдастыруымен тұрғындарға арналған концерттік бағдарлама ұсынылды. Ән айтылып, патриоттық рухтағы өнер көрсетіліп, жиналған көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Ерлік ешқашан ұмытылмайды!