Жазғы демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың құқықтарын қорғау мақсатында Арасан ауылдық округі әкімдігінің, Жанұя орталығының мамандары және полиция қызметкерлерінің қатысуымен профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында аз қамтылған және көп балалы отбасылардағы, сондай-ақ қамқоршылықта тәрбиеленіп жатқан балалардың тұрмыс жағдайлары араланып, олардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздігі мен әл-ауқатына ерекше көңіл бөлінді.
Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және балаларға қатыгездікпен қараудың алдын алу мақсатында ата-аналармен және заңды өкілдермен профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды.
Балалардың қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ міндетіміз!