2026 жылғы 9 наурыз күні Ақсу ауылындағы спорт кешенінде спорт шеберлерінің қатысуымен шеберлік сабағы (мастер-класс) өткізілді.

Аталған шараға Қазақстан Республикасының спорт шеберлері – Серкебаева Айгерім Нұрланқызы және Мухаммедов Дидар Айтмырзаұлы арнайы қатысып, ауыл спортшыларымен тәжірибе алмасты.
Серкебаева Айгерім Нұрланқызы – Қазақстан Республикасы чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы, Индонезия мемлекетінде өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері, әлем біріншілігінің қатысушысы, Қазақстан Республикасының спорт шебері.
Мухаммедов Дидар Айтмырзаұлы – Қазақстан Республикасы чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы, халықаралық және республикалық жарыстардың жеңімпазы, Қазақстан Республикасының спорт шебері.
Шеберлік сабағы барысында спорт шеберлері жас спортшыларға өз тәжірибелерімен бөлісіп, түрлі жаттығу әдіс-тәсілдерін көрсетіп, кәсіби шеберліктерін арттыруға бағытталған пайдалы кеңестер берді. Іс-шара оқушылар мен спортшылар үшін өте пайдалы әрі тағылымды болды.