Ақсу ауылының мақтанышы – халықаралық турнирдің қола жүлдегері

Ақсу ауылының мақтанышы – халықаралық турнирдің қола жүлдегері

Беларусь Республикасының Минск қаласында өткен Александр Медвед атындағы халықаралық турнирде еркін күрестен жүлделі 3-орын иеленген Ақсу ауылының тумасы Мұхтарұлы Ерасылды шын жүректен құттықтаймыз.

Бұл – спортшымыздың табандылығы мен жүйелі дайындығының нәтижесі. Халықаралық додада ел намысын қорғап, жоғары деңгейде өнер көрсетуі – үлкен жетістік.

Мұхтарұлы Ерасылға алдағы жарыстарда толағай табыс, мықты денсаулық және жаңа жеңістер тілейміз!