Жетісу облыстық мәслихатының төрағасы
Гүлнар Қожағұлқызы Тойлыбаеваның
Отан қорғаушылар күніне арналған құттықтауы
Құрметті Жетісулықтар!
Баршаңызды 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қастерлі отанымызға қалтқысыз қызмет ету және оны қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Отан қорғаушылар күнінде бейбіт елдің тыныштығын қорғайтын қарулы күштер, құқық қорғау органдары мен құтқарушыларға риясыз алғысымды білдіремін!
Еліміздің мәртебесі биік болып, көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін! Елдің іргесі берік, бірлігі мығым болсын!