Бүгін Жетісу облыстық мәслихатының кезектен тыс XХVІІ сессиясы өтті.

Бүгін Жетісу облыстық мәслихатының кезектен тыс XХVІІ сессиясы өтті.

Күн тәртібінде үш мәселе қаралды:
1. Талдықорған қаласындағы бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы.
2. Жетісу облыстық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 11-66 «Жетісу облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төл емақы мөлшерлемелерін арттыру туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
3. «Жетісу облысы әкімдігінің жанынан кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Жетісу облыстық мәслихатының 2023 жылғы 10 қарашадағы № 10-62 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

«Жер кодексінің 11-бабына сәйкес облыстық маңызы бар қалаларда бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерi бекіту мәселесі талқыланды. Шешім жобасы әзірленіп, ашық деректер порталында қоғамдық талқылаудан өткен. Түзету коэффициенттері бекіту арқылы, жер учаскесінің кадастрлық құнын нақты анықтауға мүмкіндік берілді .
Екінші мәселе бойынша Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы "Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Заңының 43-8-бабына сәйкес Салық кодексінің 576-бабының 2, 5, 6 және 8-тармақтарының күші 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылған болатын. Осыған байланысты, сессия отырысында Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мақсатында Жетісу облыстық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы №11-66 шешімінің күшін жою жайлы шешім шығарылды.
Күн тәртібіндегі соңғы мәселе бойынша Жетісу облысы әкімдігінің жанынан кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамы бекітілді.