Құрметті Жетісулықтар!
Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақ жерін мекен еткен сан алуан этностың мәдениеті, діні мен дәстүрі өзара үндесіп, бірегей өркениетке айналды. Бүгінде еліміздің барша азаматтары біртұтас ұлт болып Әділетті Қазақстанды құрып жатыр.
Ел бірлігі – біздің баға жетпес байлығымыз, мемлекеттілігіміздің берік негізі.
Баршаңызды жарқын мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, елдегі татулық пен ынтымағымыз бекем болсын деп тілеймін! Алға қойған арман-мақсаттарға ауызбіршілікпен жете берейік!
Бірлік мерекесінде баршаңызға бақыт, зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс тілеймін!
Бейбіт өмірдің берекесі, халқымыздың ынтымағы арта берсін!