
Жетісу облыстық мәслихатының депутаты Қажи Қайыр Қабыланбайұлы Жетісу облыстық мәслихатының депутаты, Жетісу облысы бойынша "Ақ жол" ҚДП филиалының төрағасы Егінбаев Ермек Молдақұлұлымен бірге сайлаушылармен кездесіп, бір жылдық атқарған жұмыстары бойынша есеп берді.
Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасы мен Еркін ауылының 26 мектебінде өткен кездесу барысында тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер назарға алынып, хаттамаға енгізілді.
Атап айтсақ, білім беру саласы, көше жолдары мен тратуар, көше шамдары және балаларға арналған демалыс орындары тақырыбында ұсыныстар мен өтініштерін білдірді.
Аталған мәселелер бойынша тиісті органдарға депутаттық сауалдар жолданатын болады.