Талдықорғанда жалпыоблыстық сенбілікке 3 мың адам қатысты

Талдықорғанда жалпыоблыстық сенбілікке 3 мың адам қатысты

Бүгін Талдықорған қаласында «Таза Қазақстан» акциясы аясында жалпыоблыстық сенбілік ұйымдастырылды.

Облыс әкімі қатысқан қала аумағын тазарту жұмыстарына облыстық мәслихат аппараты да белсене атсалысты. Сондай-ақ, облыстық басқармалар, жастар саясаты саласының өкілдері, білім беру мекемелері мен мердігер ұйымдар жалпы, 3000-ға жуық адам белсенді түрде қатысты.

Сенбілік барысында Қаратал өзенінің жағалауы, аулаішілік жолдар, барлық саябақтар мен скверлер тазартылды.

Тазалық жұмыстарына 30 жүк көлігі мен қоқыс тиегіш техника тартылып, 1000 дана шаруашылық құрал-жабдық ұсынылды.

Айта кетейік, экологиялық акция барысында табиғат жанашырлары шаһар аумағынан 250 тоннаға жуық қоқыс шығарды.