
Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай өткен ХХХІV сессия отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, тарихи мән-маңызы айрықша басқосумен құттықтады.
«Осы уақыт ішінде Ассамблея қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосты. Еліміздегі бірлік пен теңдіктің, тұрақтылық пен тыныштықтың символына айналды. Этносаралық қатынас саласындағы теңдессіз қоғамдық институт ретінде танылды. Соның арқасында Қазақстанда бейбітшілік пен келісімнің қайталанбас үлгісі қалыптасты», - деді Президент өз сөзінде.
Сондай- ақ, Мемлекет басшысы Ассамблеяның қызметінің үш негізгі басымдығын айқындап берді. Олар: саяси реформаларды жүзеге асырудағы рөлін күшейту, этносаралық қатынастарды басқару жүйесін жетілдіру және қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту. Президент Ассамблеяның Мәжілістегі квотасының жойылуы демократиялық сайлау стандарттарының сақталуына септігін тигізетінін атап өтті.
Жетісу облысынан келген делегаттар сессия жұмысына белсенді қатысты. (облыстағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері және жастар қанатының мүшелері).
Сессия барысында түрлі тақырыптарда баяндамалар жасалып, пікір алмасулар өтті. Қатысушылар Ассамблеяның болашақтағы қызметінің бағыттарын талқылап, ұсыныстарын білдірді.
ҚХА-ның 30 жылдық мерейтойы аясында Президент Жарлығымен халықтар арасындағы бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сiңiрген еңбегi үшiн бір топ азамат мемлекеттік наградамен марапатталды.