Жетісу облыстық мәслихатының депутаты Бекет Бласов Қаратал ауданындағы өз сайлау учаскелеріне барып, халықпен кездесті.

Жетісу облыстық мәслихатының депутаты Бекет Бласов Қаратал ауданындағы өз сайлау учаскелеріне барып, халықпен кездесті.

Кездесу барысында 2024 жылы атқарған жұмыстары туралы есеп беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ, тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер де назардан тыс қалмады.

Атап айтқанда Үштөбе қаласындағы 24 ықшам аудан, 1-ші көшесінің жол жағдайы бойынша Бекешева Қалдыгүл Ғалымбекқызы нақты шешім қабылдауды сұрады. Сонымен қатар, Ержанов Марат Ержанұлы Алдабергенова көшесінің бойына заңсыз төгілген қоқыстар туралы мәселе көтерді.

Аталған мәселелер бойынша тиісті органдарға депутаттық сауалдар жолданатын болады.