
«AMANAT» партиясынан облыстық мәслихатқа сайланған депутаттар Римма Салықова мен Қайрат Кереев Талдықорған қаласына қарасты Ынтымақ ауылында сайлаушылармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында депутаттар Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, осы уақытқа дейін жүзеге асырылған жобалар мен алдағы жоспарлар жөнінде кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, «Жол картасы» аясында ауылдық жерлерді дамыту бағытында қолға алынатын бастамалар таныстырылды.
Ауыл тұрғындары көше жарықтарын орнату, жолдарды жөндеу, мәдени-спорттық іс-шараларды ұйымдастыру, сондай-ақ мешіт салу мәселелерін көтерді. Бұл ұсыныстар партия бақылауына алынып, тиісті мемлекеттік органдарға жолданатын болады.
Сондай-ақ, депутаттар ауылдағы белсенді әйелдерді кәсіпкерлікке тарту, олардың экономикалық белсенділігін арттыру бағытында қолдау көрсетілетінін атап өтті.
Халықпен кері байланыс – тиімді әрі әділ шешімдердің негізі.