ҚҰРМЕТТІ ЖЕТІСУЛЫҚТАР!
БАРШАҢЫЗДЫ ЖАҢА 2024 ЖЫЛМЕН ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫН!
ЖАҢА ЖЫЛ – әрбір адам ерекше көңіл-күймен қарсы алатын айрықша әсерлі сәт. Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, Жаңа жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен, нық қадам жасайды.
Өтіп бара жатқан 2023 жыл біздер үшін түбегейлі өзгерістер жылы болды десек, артық бола қоймас. Алдағы уақытта қолға алған бастамалар лайықты жалғасын тауып, 2024 жыл еліміз үшін табысты, берекелі жыл болады деп сенеміз. Ол үшін барлық істе жұдырықтай жұмылып әрекет ету аса маңызды.Сонда ғана көздеген мақсат-міндеттерімізге қол жеткіземіз. Келесі жылы халқымыз жағымды жаңалық пен қуанышты сәттерге кенеле берсін!
Жаңа жыл әрбір азаматқа, әрбір отбасыға бақ-береке алып келсін! Отанымыз Қазақстан өркендей берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Ізгі ниетпен,
Жетісу облыстық мәслихатының төрағасы Г. Тойлыбаева