«ЖЕТІСУ СУ ҚҰБЫРЫ» МКК ОБЪЕКТІЛЕРІ БОЙЫНША ПРЕСС-ТУР, ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ

«ЖЕТІСУ СУ ҚҰБЫРЫ» МКК ОБЪЕКТІЛЕРІ БОЙЫНША ПРЕСС-ТУР, ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ

Бүгін Жетісу облыстық мәслихаты төрағасының міндетін атқарушы Римма Салықованың қатысуымен  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті, табиғи монополиялар субъектілерінің міндеттемелерін орындау және инвестициялық бағдарламалардың іс-шараларын жүзеге асыру аясында 2026 жылғы 21 қыркүйекте бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен жұртшылықтың қатысуымен жыл сайынғы баспасөз турын өткізілді.

Іс-шара барысында қатысушылар «Жетісу Су құбыры» МКК негізгі объектілеріндегі жұмыстардың барысымен және нәтижелерімен танысты. Делегация құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлері, журналистер және қала қоғамбелсенділері кірді.

Пресс-тур қатысушылары екі маңызды инфрақұрылымдық объектіні аралады:

  1. Өтенай ауылының Абай көшесіндегі және «Шайкорган» тұрғын алабындағы сумен жабдықтау желілері. Бұл жерде тұрғындарды сумен жабдықтау сапасын жақсарту жөніндегі жүргізілген іс-шаралардың нәтижелері тексерілді. 2026 жылы ауыстырылатын учаскелердің жалпы ұзындығы 515 метрді құрады. Бұл іс-шараны жүзеге асыру су құбыры желісінің тозған учаскелерін жаңартуға, авариялық жағдайлардың ықтималдығын төмендетуге және тұтынушыларды сенімдірек сумен жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
  2. «Батыс» кәріздік сорғы станциясы. Онда қатысушылар жабдықтың ағымдағы жағдайымен және кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасының орындалу барысымен танысты. Жабдықты ауыстыру қажеттілігі қолданыстағы сорғының физикалық және моральдық тозуына, сондай-ақ кәріздік сорғы станциясының сенімді және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты туындап отыр.

Қоғамдық мониторинг барысында қатысушыларға қолданыстағы су құбыры желілері мен жабдықтардың техникалық жағдайы туралы ақпарат ұсынылды. Сумен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасын арттыру, авариялық жағдайлардың қаупін төмендету, сондай-ақ кәріздік сорғы станциясы мен бүкіл су бұру жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін оларды ауыстыру қажеттігі атап өтілді.

Мұндай іс-шаралар табиғи монополиялар субъектілері қызметінің ашықтығын, халықпен ашық диалогты қамтамасыз ету және бекітілген инвестициялық міндеттемелердің мақсатты түрде орындалуын бақылау мақсатында тұрақты негізде өткізіледі.