
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық заңы) 10-бабына сәйкес Жетісу облыстық мәслихаты облыстық аумақтық сайлау комиссиясында қалыптасқан бір бос орынға ұсыныстар қабылданатынын хабарлайды.
Әрбір саяси партия аумақтық сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия аумақтық сайлау комиссиясының құрамына аталған саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардан ұсыныстар түспеген жағдайда мәслихат аумақтық сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 9 шілдеден бастап 23 шілдесіне дейін мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:
Аумақтық сайлау комиссиясы құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттардың аумақтық сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беруі туралы өтініштерінің нысаны Жетісу облыстық мәслихатының сайтына орналастырылған.
Аумақтық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның және Орталық сайлау комиссиясы бекіткен біліктілік талаптарына сай болуы тиіс.
Аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.
Мәслихатқа ұсынылатын барлық қағаз нұсқадағы құжаттарда басшының қолы қойылған, мөрмен бекітілген және орындалу датасы, орындаушының фамилиясы, аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген болуы тиіс.
Аумақтық сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 23 шілдесіне дейін дүйсенбі мен жұма аралығында, сағ. 08:30-дан 18:00-ге дейін, үзіліс сағ.12:30-дан 14:00-ге дейін.
Облыстық мәслихаттың орналасқан жері: Талдықорған қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 38.
Жауапты тұлға – Махметов Саят Дюйсенханұлы, бөлме № 212, қалааралық телефон коды (87282), қызметтік 40-26-82, электрондық пошта мекен-жайы: info@zhetysuoblmaslihat.gov.kz