МАРАПАТ — МӘРТЕБЕЛІ ЕҢБЕКТІҢ ЖЕМІСІ! 🏆✨

МАРАПАТ — МӘРТЕБЕЛІ ЕҢБЕКТІҢ ЖЕМІСІ! 🏆✨

Еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі тарихи белестерді ұйымдастыруда белсенділік танытып, аймақтың дамуына үлес қосып жүрген әріптестеріміз марапаттарға ие болды.

🎖️ Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын қабылдау жөніндегі республикалық референдумды жоғары деңгейде ұйымдастыру мен өткізуге белсенді атсалысып, тарихи оқиғаға елеулі үлесін қосқаны үшін Жетісу облыстық мәслихатының депутаты Жүнісхан Ермұхан Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталды.

🌟 Мемлекеттік қызметші күніне орай, нәтижелі жұмысы мен мінсіз қызметі үшін облыстық мәслихаттың аппарат басшысының орынбасары Сандуғаш Бейсенбаева Жетісу облысы Әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

🏢 Сонымен қатар, 6 шілде – Астана күні мерекесіне орай Жетісу облыстық мәслихаты аппаратының бірқатар қызметкерлері қызметтік міндеттерін жоғары жауапкершілікпен атқарып, адал әрі нәтижелі еңбегі үшін марапатталды.

📜 Жетісу облыстық мәслихаты Төрағасының Құрмет грамотасымен аппарат қызметкерлері Айгерим Бейсекенова, Айман Жумабекова және Айгерим Килыбаева марапатталды.

📜 Жетісу облыстық мәслихаты төрағасының Алғыс хатымен баспасөз хатшысы Аружан Тнейбаева және статист Құдайберген Оразов марапатталды.

Әріптестерімізді мемлекеттік және өңірлік марапаттарымен шын жүректен құттықтаймын! Ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге толағай табыс, отбасыларыңызға құт-береке тілеймін! Еңбектеріңіз жана берсін! 💐👏

 

Ізгі ниетпен,
Жетісу облыстық мәслихатының төрағасы Гүлнар Тойлыбаева