
Құрметті жерлестер!
Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – ерлік пен елдік рухты ұлықтайтын, батырлық пен жауапкершілікті дәріптейтін ерекше күн. Ұлан-ғайыр даламыздың тыныштығын күзетіп, Тәуелсіз еліміздің тұғырының берік болуына үлес қосып жүрген барша азаматтарға шынайы алғысымды білдіремін.
Бабалар аманатына адал болып, ел намысын бәрінен биік қоятын рухты ұрпақ барда – Қазақстанның болашағы нық, келешегі кемел. Сіздердің қайсарлықтарыңыз бен отансүйгіштіктеріңіз – өскелең ұрпаққа өнеге, елге тірек.
Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге толайым табыс тілеймін! Әр шаңырақта шаттық, әр жүректе сенім болсын!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!