Жетісу облыстық мәслихатының депутаты Қайыр Қабыланбайұлы Қажи кезекті сайлаушылармен кездесуін өткізді.

Жетісу облыстық мәслихатының депутаты Қайыр Қабыланбайұлы Қажи кезекті сайлаушылармен кездесуін өткізді.

Жылдық жоспарға сәйкес Талдықорған қаласындағы №6 орта мектептің акт залында қала тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды.

Аталған жиынға Талдықорған қалалық мәслихатының депутаттары Шалқар Елісұлы Оразбаев пен Монголханұлы Анарбек Монғол қатысып, өз үлестерін қосты.

Кездесу барысында 2025 жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріліп, алдағы жоспарлар таныстырылды. Сонымен қатар, тұрғындардың бірқатар өзекті мәселелері тыңдалды. Атап айтқанда, мектептегі спорт залының тарлығы, жол инфрақұрылымының жағдайы, көшелердегі жарықтандырудың жеткіліксіздігі, сондай-ақ жаяу жүргіншілер жолының жоқтығы мәселелері көтерілді.

Барлық айтылған мәселелерді депутат өз назарына алынып, заң аясында шешу жолдарын қарастыратынын айтты.