Сайлаушылармен кездесу!

Сайлаушылармен кездесу!

Жетісу облыстық мәслихат депутаты Қайыр Қабыланбайұлы Қажи Еркін ауылы, Ащыбұлақ көшесі 32 мекенжайында орналасқан №26 орта мектепте тұрғындармен кездесу өткізді.

Жиын барысында облыстық мәслихат төрағасы Гүлнар Тойлыбаева 2025 жылы Жетісу облыстық мәслихат депутаттары өңірде атқарған жұмыстарына тоқталды.
Есепті кезеңде 9 сессия өткізіліп, 52 шешім қабылданған. Депутаттар 212 қоғамдық қабылдау өткізіп, 427 азаматтың әлеуметтік-экономикалық, тұрғын үй, коммуналдық және жұмыспен қамту мәселелері қаралған. Нәтижесінде мемлекеттік органдарға 41 депутаттық сауал жолданып, оның 21-і орындалып, жалпы 312 мәселе оң шешімін тапқан. Сонымен қатар, 587 нысанға мониторинг жүргізілген.

Кездесу барысында депутат Қайыр Қажи халық алдында есеп беріп, атқарылған жұмыстарымен таныстырды. Оның айтуынша, өз қызметі аясында биыл 13 қоғамдық қабылдау және 3 көшпелі қабылдау өткізіліп, тұрғындарға заң аясында тиісті кеңестер берілген. Сондай-ақ, өткен жылы 13 депутаттық сауал жолданып, оның 8-і оң шешімін тапқан. Сайлау алды бағдарламаны орындау мақсатында 2023-2025 жылдарға арналған «Жол картасында» көтерілген 5 мәселенің 3- еуі оңды шешімін тапты.

Кездесу соңында тұрғындар өзекті мәселелерін көтеріп, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Депутат барлық сұрақтарды назарға алып, оларды шешу мақсатында тиісті мемлекеттік органдарға депутаттық сауалдар жолданатынын жеткізді.