ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ XXXVІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ XXXVІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша кезекті сессия барысында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев өзіне жүктелеген міндеттемелер мен функциялары бойынша депутаттар алдында есеп беріп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері мен алдағы кезеңдегі басым бағыттарға тоқталды.

Сонымен қатар, Жетісу облысы әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов пен облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Рауан Дәуітәлі күн тәртібіндегі  мәселелер бойынша тиісті баяндамаларын ұсынды.

Атап айтқанда, депутаттар Жетісу облыстық мәслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы №33-202 «Жетісу облысының 2026–2028 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Келесі, «толық бітіріп берілетін» құрылыс объектілерінің тізбесін бекіту, 2026–2030 жылдарға арналған облыстың даму жоспарына өзгерістер енгізу, облыстық мәслихат депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ құқық бұзушылықтың профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту мәселелері қаралды.

Сессия қорытындысы бойынша күн тәртібіне енгізілген барлық мәселелер жан-жақты қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.