
Құрметті ағайын!
Сіздерді Наурыз мейрамы мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз – табиғаттың жаңарып, тіршіліктің түлейтін, үміт пен ізгіліктің салтанат құратын сәті. Осы мейрам әр шаңыраққа береке дарытып, еңбектің ырысын еселесін. Ақ мол болып, ізгі тілектер орындалып, әр отбасыға қуаныш пен игілік серік болсын.
Биылғы Наурыз ел дамуындағы жаңа кезеңмен тұспа-тұс келіп отыр. Халқымыз Қазақстан Республикасының Конституциясы негізінде жаңару мен әділетті қоғам құру жолын таңдады. Бұл – болашаққа нық қадам жасап, ел бірлігін бекемдей түскен маңызды белес.
Сіздерге мықты денсаулық, амандық, бақ-береке және мол табыс тілеймін!
Ізгі ниетпен,
Жетісу облыстық мәслихатының төрағасы Гүлнар Тойлыбаева