
Күн тәртібінде денсаулық сақтау және қоғамдық даму басқармаларының 2025 жылғы атқарған жұмыстары мен бюджет қаражатының игерілуі қаралды.
Жетісу облысында 2022–2025 жылдары денсаулық сақтау инфрақұрылымы дамып, жаңа медициналық нысандар салынды. 2025 жылы 8 нысан пайдалануға беріліп, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жоба аясында 59 медициналық мекеме іске қосылды.
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету 93%-ға жетіп, 162 жедел жәрдем көлігі және 165 бірлік медициналық техника сатып алынды.
Скринингпен қамту 97,2%-ды, вакцинация 91,4%-ды құрады. Негізгі аурулар бойынша сырқаттанушылық төмендеп, жалпы өлім-жітім азайды. Жалпы алғанда, өңірде денсаулық сақтау жүйесінің сапасы мен қолжетімділігі кезең-кезеңімен жақсарып келеді.
Қоғамдық даму басқармасы бойынша 2025 жылы бөлінген қаржының 99,9%-ы игерілген. Бұл қаражат әлеуметтік жобаларды іске асыруға, жастар саясатын дамытуға, ақпараттық кеңістікті тиімді басқаруға, қоғамдық келісімді нығайтуға және тіл саясатын ілгерілетуге бағытталды. Жүргізілген жұмыстар өңірдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтауға өз үлесін қосты.
Жиын барысында депутаттар өзекті мәселелер бойынша сұрақтар қойып, бірқатар нақты ұсыныстарын білдірді. Негізгі назар бюджет қаражатын ұтымды игеру, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және кадрлық мәселелерді шешу бағыттарына аударылды.