13 ақпан - Дүниежүзілік Радио күні!

13 ақпан - Дүниежүзілік Радио күні!

Құрметті отандастар,
Сіздерді 13 ақпан – Радио күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Дәл осы күні, 1946 жылы, алғаш рет «БҰҰ Радиосы» эфирге шықты.
Радио тек ақпарат таратушы ғана емес, сонымен қатар мәдениет пен өнердің, білім мен ғылымның дамуына серпін беретін маңызды құрал. Ол бізді жаңалықтармен таныстырады, сүйікті бағдарламаларымызбен көңілімізді көтереді, ал музыкалық әуендері жүрегімізге жылулық сыйлайды. Қайда жүрсек те, радионы тыңдау арқылы біз әлеммен байланыста болып, маңызды ақпараттардан хабардар боламыз.
Осы тамаша мереке күні, радио саласында еңбек етіп жүрген әрбір маманға шығармашылық шабыт, тың идеялар мен кәсіби жетістіктер тілеймін! Сіздердің еңбектеріңіз – қоғамға ақпарат пен құндылық жеткізудің алтын көпірі.

Ізгі ниетпен,
Жетісу облыстық мәслихатының төрағасы Гүлнар Тойлыбаева.