ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ХXXIV СЕССИЯСЫ ӨТКІЗІЛІП, КҮН ТӘРТІБІНДЕ 9 МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ

ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ХXXIV СЕССИЯСЫ ӨТКІЗІЛІП, КҮН ТӘРТІБІНДЕ 9 МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ

Сессия барысында Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабының 2) тармағына сәйкес, Жетісу облыстық мәслихатының 2023 жылғы 20 маусымдағы № 4-31 шешімдерінің күші жойылды. Нәтижесінде Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңына сәйкес «Жетісу облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастарының тізбесін айқындау туралы» жаңа шешім қабылданды.

Сонымен қатар, ортақ су пайдалану ережелері жаңартылып, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестендірілді. Терроризмге қарсы және құқық бұзушылықтың профилактикасы жөніндегі комиссиялардың дербес құрамына да өзгерістер енгізілді.

Сессия барысында «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес мәслихат төрағасының 2025 жылы мәслихат қызметін ұйымдастыру бойынша атқарған жұмысы мен тұрақты комиссиялардың есепті кезеңдегі қызметтері жайлы баяндамалар тыңдалды. Есепте көрсетілгендей, 2025 жылы облыстық мәслихат депутаттары тарыпынан 227 депутаттық сауал жолданып, нәтижесінде сайлаушылардың депутаттар алдына қойған бірқатар өзекті мәселелері шешімін тапты.

Сонымен қатар, есепті кезеңде депутаттар 587 нысанға мониторинг жұмыстарын жүргізіп, анықталған кемшіліктер бойынша тиісті басқармаларға талаптар жолданды.

Депутаттар қоғамдық қабылдаулар өткізуді де жүйелі жүргізді: 212 қабылдау барысында 427 азамат қабылданып, өзекті мәселелер қаралды. Облыстық мәслихат қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында депутаттар 2025 жылғы есепті кезеңде әлеуметтік желілерде жалпы саны 3090 жазба жариялады. Сонымен қатар, ақпараттық сүйемелдеу аясында мерзімді басылымдарда 33 мақала жарияланып, теледидар эфирінде 30 материал көрсетілді.Сессия соңында күн тәртібіне сәйкес Жетісу облыстық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.